Сирия мүфтиі басып алынған Палестина мен Голанды азат етудің қажеттігін қуаттады
Қаз 22, 2017 11:36 Asia/Almaty
Сирия мүфтиі басып алынған Палестина мен Голан жоталарын азат етудің қажеттігін қуаттады.
Шейх Ахмад Бадреддин Хассун Дэйр эз-Зоур қаласында Сирия президенті гвардия күштерінің қолбасшысы дивизия генералы Ассам Захреддиннің жаназасын шығару рәсімінде: "Сирияда тең құқыққа ие 23 млн азамат өмір сүреді. Бізде Сирияда азшылық деген ұғым жоқ. Біздің мақсатымыз тек Сирия шекараларын ғана емес, сондай-ақ Палестина мен барлық Голан аймағын азат ету",-деп мәлімдеді.
Тегтер