Шамхани: Ирак кейбір араб елдері секілді диктаторлық режим арқылы басқарылмайды
Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Ирактың "Хашд аш-Шааби" халықтық күштеріне қарсы айтқан жуырдағы сөздеріне реакция білдіріп: "Рекс Тиллерсон Иракты Парсы шығанағы кеңесінің кейбір елдері секілді диктаторлық және үстемшіл түрде әулет тарапынан басқарылады деп ойлайды",- деді.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Ирактың "Хашд аш-Шааби" халықтық күштеріне қарсы айтқан жуырдағы сөздеріне реакция білдіріп: "Рекс Тиллерсон Иракты Парсы шығанағы кеңесінің кейбір елдері секілді диктаторлық және әулеттік үстемшілдік тарапынан басқарылады деп ойлайды",- деді.
Али Шамхани бейсенбі күні кешке ливандық Al Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында Иракта Парламент пен Үкіметтің бар екенін баса айтып: "АҚШ Иракқа Иранмен ынтымақтастық жасау әдісіне қатысты өз пікірін таңа алмайды",- деді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон бейсенбі күні Ирак үкіметінен өзінің ойындағы "Иранның ықпалы" атты үдеріспен қарсыласуды сұрады.
Тиллерсон жексенбі күні Риядта өткен Сауд режимінің Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейрмен кездесуінде Иракта ДАИШ-пен соғысып жатқан содырлардың жұмысы осымен аяқталды, енді олар өз елдеріне оралуы тиіс деген уәж айтты.
Ирак премьер-министрі дүйсенбі күні кешке Тиллерсонның сол уәждеріне реакция білдіріп: "Ирактың халықтық ерікті күштері – өз еліміз бен аймақтың үміті",- деп баса айтты.