Сирия армиясы Дейр эз-Зорды ДАИШ-тен азат етті
Франция ақпарат агенттігі төтенше хабарында Лондондағы сириялық қарсыластардың қарамағындағы Сирияның адам құқығы бақылаушыларының Сирия армиясының стратегиялық Дейр эз-Зор қаласын лаңкестерден азат еткенін хабарлағанын жеткізді.
Бұдан бұрын Сириядағы майдандық ақпарат көздері Сирия армиясы мен қарулы күштері қарсыласу күштерінің қолдауымен бейсенбі күні Дейр эз-Зор қаласын азат ету әрекеттерінің жалғасында ДАИШ лаңкестік тобынан жаңа аймақтарды қайтарып алғанын жариялаған болатын.
Сирия армиясының бірліктері ән-Нур ауруханасы мен қаланың орталығындағы бақты ДАИШ тобының қолынан азат етіп, қаланың ескі жолаушы терминалына қарай бет алды.
Сирия армиясы мен қарсыласу күштері өткен бірнеше күнде Хамдие, Арзи мен ескі әуежейды лаңкестерден азат етті.
Қазір Дейр эз-Зор облысында ДАИШ лаңкестік тобының бақылауында Ирактың шекараларына жақын Букамал қаласындағы база ғана қалды.