Ансаролла қозғалысының жетекшісі Арабстанның Йеменге басқыншылығының басталуының жылдығына орай сөз сөйледі
Йеменнің Ансаролла халықтық қозғалысының жетекшісі: "Сауд Арабиясы АҚШ, Ұлыбритания және Израиль режимінің қолдауымен оңтүстіктегі өзімен көршілес ел Йеменге шабуыл жасап, көптеген қылмыс жасады" деді.
«Әл-Алам» хабар агенттігінің хабарлауынша, Йеменнің Ансаролла халықтық қозғалысының жетекшісі Абдоламлек әл-Хоуси жұма күні кешке Арабстанның "Араб одағының шабуылдары" атты Йеменге басқыншылығының басталуының жылдығына орай өткен шарада: "Сауд әулеті режимі АҚШ, Ұлыбритания, Израиль мен жалдамалыларының қолдауымен Йеменге шабуыл жасап, осы елде тағы да диктаторлық режимді билікке келтіруді көздеді. Алайда йемендік күштер және халықтың қырағылығымен бұл қастандық бейтараптандырылды" деді.
Әл-Хоуси Йеменге басқыншылықты әлемнің ең ірі қылмыскерлерінің ұйымдастырғанын айтып, Арабстан режимін аймақтағы тұрақтылықты бұзушы деп атап: "Рияд тұрғын аудандар мен негізгі құрылымдарды, емдеу орталықтары мен инфрақұрылымдарды қиратып, йемендік бейбіт тұрғындарды қыру арқылы өзінің Йемен халқымен дұшпандығын көрсетті" деді.
Әл-Хоуси бұл шабуылдың Арабстан үшін ешқандай пайда әкелмегенін айтып: "Саудиялық режим үшін бұл басқыншылықтың пайдасына қарағанда теріс салдарлары көп болды" деді.
Йеменнің Ансаролла қозғалысының жетекшісі өз сөзінде кейбір елдердің, қайраткерлер мен тұлғалардың, әсіресе, Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролланың Йемен халқына қолдау көрсеткен сөзіне алғыс білдірді.