Иранның үш шекара бекетінен Иракқа 2 миллион "Арбағин" зияратшылары өтті
(last modified Mon, 06 Nov 2017 09:08:41 GMT )
Қар 06, 2017 15:08 Asia/Almaty
  • Иранның үш шекара бекетінен Иракқа 2 миллион

ИИР-дың Ирактағы елшісі кеше жексенбінің кешіне дейін Иранның үш шекара бекетінен Иракқа 2 миллион "Арбағин" зияратшысы өткенін хабарлады.

Иранның Ирактағы елшісі Ирадж Масджеди Иранның оңтүстік-батысында орналасқан Шаламчедегі шекара бекеті мен зияратшыларға қызмет көрсету стансаларын аралау барысында тілшілерге берген сұхбатта: "Имам Хусейннің қырқы – "Арбағин" рәсіміне қатысу үшін алдағы бірнеше күннің ішінде Иракқа тағы 300-400 зияратшы келеді.

Шаламче, Чазобе және Меһран шекара бекеттерінде ауқымды шараларды іске асырудың және қауіпсіздік пен қозғалыстың жеңілдігі, тәртіп сақтауға қатысты Иран мен Ирактың бірлескен әрекеттерінің арқасында мәселенің туындағаны туралы хабарланбады.

Тек бір жағдайда ғана үш автокөлік аударылып, үш адам қаза болып, он алты адам жараланған болатын",- деді.

 

Тегтер