Саудиялықтардың сионистер арқылы Хезболланы жоюды мақстар еткен жоспары әшкереленді
(last modified Thu, 09 Nov 2017 12:54:33 GMT )
Қар 09, 2017 18:54 Asia/Almaty
  • Саудиялықтардың сионистер арқылы Хезболланы жоюды мақстар еткен жоспары әшкереленді

Сионист сарапшы саудиялықтардың сионистік режимнен Ливан Хезболласын жоюды сұрағанын мәлім етті.

Израильдік сарапшы Эйран Зингар: "Ливанның екінші соғысында (2006 жылдың шілде айы) Израильдің жауапты тұлғалары кейбір араб басшыларының жасырын байланыстар арқылы Израильден Ливан Хезболласын жою үшін бар күш-қуатын қолдануды сұрағанын айтатын. Ол кезде бұл туралы сөз қозғауға тыйым салынған болатын. Қазір бұл құпияның беті ашылды. Яғни, әлгі араб басшылары дегеніміздің саудиялықтар екенін бәрі біледі",-деді.

Осындай жағдайда сионистік режим 33 күнге созылған соғыста жеңіліс тауып, ауыр шығынмен кері шегінді. 

Сионистік ақпарат құралдары  сейсенбі күні осы режимнің СІМ әртүрлі елдердегі Тель-Авивтің елшіліктеріне хат жолдап, Ливан Хезболласына қарсы Сауд Арабиясын қолдауға шақырғанын хабарлады.