Сирияда аль-Букамаль қаласының азат етілгені ресми түрде жарияланды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i32170-Сирияда_аль_Букамаль_қаласының_азат_етілгені_ресми_түрде_жарияланды
Сирия Қарулы күштерінің бас штабы мәлімдемеде Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зор облысында орналасқан аль-Букамаль қаласының азат етілгенін ресми түрде жариялады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 10, 2017 18:39 Asia/Almaty
  • Сирияда аль-Букамаль қаласының азат етілгені ресми түрде жарияланды

Сирия Қарулы күштерінің бас штабы мәлімдемеде Сирияның шығысындағы Дейр эз-Зор облысында орналасқан аль-Букамаль қаласының азат етілгенін ресми түрде жариялады.

Сирия  армиясы мен Қарулы күштерінің бас штабы бейсенбі күнгі мәлімдемесінде аль-Букамаль қаласының азат етілуін  стратегиялық жетістік деп атап: «Бұл азат ету әрекеті  аймақтағы ДАИШ жобасының құлағанын, оны демеушілер мен елді бөлуді көздеушілердің бос қиялының жермен-жексен болғанын жариялау болып табылады»,-деді. 

Сирия армиясы бас штабының мәлімдемесінде ДАИШ лаңкестік тобынан қалған мүшелерді қудалаудың жалғасатыны айтылып, оларды толық жою қажеттігі қуатталған.