Ливан Хизболласының Бас хатшысы Еуроодақтың мәлімдемесіне жауап қайтарды
(last modified Tue, 21 Nov 2017 09:30:26 GMT )
Қар 21, 2017 15:30 Asia/Almaty
  • Ливан Хизболласының Бас хатшысы Еуроодақтың мәлімдемесіне жауап қайтарды

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Еуроодақтың Хизболланың Йеменге баллистикалық зымыран жіберуі туралы уәждерін теріске шығарды.

Иран Телерадио бірлестігінің шетелдерге хабар тарату бөлімі тілшісінің мәліметі бойынша, Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла дүйсенбі күні сөйлеген сөзінде Еуроодақ отырысының Ливан Хизболласы мен Иранға қарсы қорытынды мәлімдемесіне реакция білдіріп: "Хизболланы лаңкес, Иранды лаңкестерді қолдайды деп айыптау жаңа әрекет емес. Бұл уәж дұшпандар тарапынан әрдайым айтылып келеді",- деді.

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Ирактың соңғы қаласының ДАИШ-тен азат етілуін үлкен жетістік деп бағалап: "Ирактық күштер қазір Сирияның шекарасына жетті. Букамалдың ДАИШ лаңкестерінен азат етілуімен АҚШ-тың Сирияны бөлу мақсатындағы қастығы сәтсіздікке ұшырады. Барлық жауынгерлерге алғыс айтуыммен бірге Құдс күштерінің қолбасшысы бауырым сардар Ғасем Солейманиге ерекше алғысы айтамын",- деді.