Шейх Иса Ғасемнің халі нашар
(last modified Mon, 27 Nov 2017 12:20:06 GMT )
Қар 27, 2017 18:20 Asia/Almaty
  • Шейх Иса Ғасемнің халі нашар

Бахрейннің "әл-Вафақ" исламдық қоғамы осы елдің жоғары діни жетекшісі, күрескер шейх Иса Ғасемнің әл үстінде жатқанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің ливандық AL Mayadeen телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, "әл-Вафақ" исламдық қоғамының есімі жария етілмеген мүшесі жексенбі күні үйде қамауда жатқан Бахрейн шиіттерінің діни жетекшісі шейх Иса Ғасемнің жағдайын қиын деп мәлімдеді.
Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бахрейннің қауіпсіздік күштері Манаманың ад-Дераз аймағында орналасқан шейх Иса Ғасемнің үйінің айналасында орналасқан.
Мұның алдында Бахрейндегі Адам құқықтары жөніндегі ассамблея шейх Иса Ғасемнің үйінің айналасында қатаң қауіпсіздік шараларын жүзеге асырудың жалғасып, шейх Иса Ғасемнің дәрігерлерінің оның денсаулық жағдайын қадағалауға кедергі жасалып жатқанын мәлімдеген болатын.