Ислам елдерінің Телерадио одағы Трамптың Құдсқа қарсы әрекетін айыптады
Ислам елдерінің Телерадио одағы АҚШ Президентінің Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялап, АҚШ елшілігін ауыстыру туралы шешімін айыптады.
Ислам елдерінің Телерадио одағы мәлімдемесінде: "АҚШ Президенті Дональд Трамптың шешімі араб халықтары мен ислам үмбетіне, исламдық және христиан діндерінің қасиеттіліктеріне қарсы әшкере дұшпандық, сондай-ақ, Палестина халқына қарсы зұлымдық әрі халықаралық заңдарды әшкере түрде бұзу",- деп жариялады.
Ислам елдерінің Телерадио одағы АҚШ-ның әрекетін әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілік үшін қатерлі деп атап: "Одақ араб халықтарынан, ислам үмбеті мен әлемнің барлық азаттық талап етушілерінен осы шешімге қарсы кез келген мүмкін құралды пайдаланып, араб және ислам мемлекеттерінің басшыларын дипломатиялық қарым-қатынастарын үзіп, сионистік режиммен байланыстарын тоқтатуға шара қолдануға жігерлендіруді талап етеді",- деп баса айтты.