Израиль Сауд Арабиясының тақ мұрагерін басып алынған Палестинаға іс-сапармен келуге шақырды
Жел 14, 2017 20:18 Asia/Almaty
Израильдің Барлау министрі Исраэль Кац саудиялық Elaph интернет газетіне берген сұхбатында Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бин Салманды Тель-Авивке ресми сапармен келуге шақырды.
Сионистік режимнің Барлау министрі саудиялық режимнің сионистер мен Палестина автономдық құрылымы арасындағы ымыраға келу үдерісінің қолдаушысы ретінде осы іске кірісуін ұсынды. Мұның алдында Мұхаммад бин Салман Дональд Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындап, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру туралы шешімінің негізгі қолдаушысы ретінде Палестина автономдық құрылымының басшысы Махмұд Аббасқа АҚШ президентінің шешімін қабылдау үшін қысым жасағаны хабарланған болатын.
Тегтер