Йемендегі Ресей елшісі: Ираннан Йеменге зымыран жіберілді деген уәж жалған
Ресейдің Йемендегі елшісі Ираннан Йеменге баллистикалық зымыранның жіберілгені туралы уәжді теріске шығарып: "Ресей Йеменнің Риядқа баллистикалық зымырынмен шабуылында Иран рөл атқарды деген айыптауына толығымен қарсы",- деп мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Йемендегі елшісі Владимир Дидюшкин жұма күні Al Jazeera арнасына берген сұхбатында: "Саудиялық коалиция Йеменнің құрлық, әуе және теңіздегі негізгі өткізу бекеттерін толығымен бақылап отыр. Сондықтан, коалиция әуе және құрлықты бақылауға алғандықтан, бұл елге баллистикалық зымыран кіргізу техникалық тұрғыдан мүмкін емес және шындыққа жанаспайды",- деді.
Йеменнің Революциялық жоғары комитетінің төрағасы Мұхаммад Әли әл-Хуси АҚШ-тың Риядқа атылған зымырандардың ирандық зымыран болғаны туралы айыптарын теріске шығарып: "Вашингтонның жаңа қойылымының мақсаты Йемен халқын қыру үшін өзінің көптеген тыйым салынған қаруды Сауд Арабиясына сатуын ақтау болып табылады",- деп баса айтты.