Дамаск: АҚШ әскерилерінің Сириядағы құзыры заңсыз
https://itolqyn.com/news/west_asia-i34017-Дамаск_АҚШ_әскерилерінің_Сириядағы_құзыры_заңсыз
Сирия СІМ АҚШ әскерилерінің Сириядағы құзырын заңсыз, халықаралық құқықтар мен Сирияның ұлттық егемендігін әшкере түрде бұзу деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 18, 2018 17:48 Asia/Almaty
  • Дамаск: АҚШ әскерилерінің Сириядағы құзыры заңсыз

Сирия СІМ АҚШ әскерилерінің Сириядағы құзырын заңсыз, халықаралық құқықтар мен Сирияның ұлттық егемендігін әшкере түрде бұзу деп атады.

Сирия СІМ-дегі жауапты ақпарат көзі АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның сөздеріне білдірген реакциясында: "АҚШ әскерилері АҚШ-тың өзі құрғанын мойындаған ДАИШ тәкфирлік тобына қолдау көрсету мақсатымен Сирия жерінде орналасып отыр. АҚШ үкіметі ешқашан ДАИШ-тың көзін жоюды көздемеді. Ракка қаласы АҚШ пен оның басқарып отырған коалицияның әрекеттерінің үлгісі саналады.

Сирия үкіметі елін қайта қалпына келтіру үшін АҚШ-тан тіпті бір доллар көмек қажет етпейді. Себебі, бұл долларларға сириялықтардың қаны сіңген. АҚШ үкіметінің саясаты тек Сирияны қиратып, Сирия халқына қиындық тудыруға бағытталған",- деп қуаттады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон сәрсенбі күні Калифорния штатындағы Стэнфорд университетінде АҚШ әскерилерінің Сирия жерінен шығатынын теріске шығарып: "АҚШ өзінің Сириядағы әскери құзырын жалғастырады",- деп мәлімдеген болатын.