Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранға қарсы негізсіз уәждерін қайталады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i34097
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранға қарсы негізсіз уәждерін қайталап: "Иран Сауд Арабиясына шабуыл жасау мақсатында Йемендегі хусилерге қару мен зымырандарды заңсыз түрде жіберуді жалғастыруда",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 22, 2018 09:01 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранға қарсы негізсіз уәждерін қайталады

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Иранға қарсы негізсіз уәждерін қайталап: "Иран Сауд Арабиясына шабуыл жасау мақсатында Йемендегі хусилерге қару мен зымырандарды заңсыз түрде жіберуді жалғастыруда",- деді.

Сауд Арабиясының  Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр Сауд Арабиясының сұрауымен Йеменнің «Ансаролла» қозғалысының Риядқа қарсы зымырандық шабуылдарын қарастыру мақсатында өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің Джиддадағы отырысында: "Иранның Йеменнің «Ансаролла» қозғалысына жасап отырған қаржы және қару-жарақ қолдауларының алдын алу қажет",- деп уәж айтты.

Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің Иранға қарсы уәждері АҚШ-тың қолдауымен Сауд Арабиясы Йеменге қарсы шабуылдарын 2015 жылдың наурыз айында бастаған жағдайда айтылуда. Содан бері 13 000-нан астам йемендік қаза болып, ондаған мыңы жарақат алып, миллиондаған адам босқынға айналып, Йеменнің инфрақұрылымдары қиратылды. 

ИИР сан рет Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдарын айыптап, Йемендегі соғысты тоқтатуды талап етті. Иран әрқашан Йемен мәселесінің әскери жолмен шешілмейтінін қуаттап, бұл соғысты тоқтату үшін ешбір талпыныстан аянып қалмайтынын мәлімдеген болатын.