Сирияда лаңкестерге америкалық қару-жарақ тасымалдап бара жатқан жүк көлігі ұсталды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i34173-Сирияда_лаңкестерге_америкалық_қару_жарақ_тасымалдап_бара_жатқан_жүк_көлігі_ұсталды
Сирияның қауіпсіздік күштері осы елдің астанасы Дамасктың шығыс жағында ән-Носрат майданы лаңкестеріне америкалық қару-жарақ тасымалдап бара жатқан жүк көлігін ұстады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 23, 2018 22:51 Asia/Almaty
  • Сирияда лаңкестерге америкалық қару-жарақ тасымалдап бара жатқан жүк көлігі ұсталды

Сирияның қауіпсіздік күштері осы елдің астанасы Дамасктың шығыс жағында ән-Носрат майданы лаңкестеріне америкалық қару-жарақ тасымалдап бара жатқан жүк көлігін ұстады.

Сирия ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша, лаңкестерге америкалық қару-жарақ тасымалдап бара жатқан жүк көлігі Иорданиядан Сирияға енген.

Келесі бір хабар бойынша, Сирия армиясының әскерилері осы елдің солтүстік-батысындағы Латакия облысының солтүстігінде  ән-Носрат майданы лаңкестерінің әс-Сараф ауылына ену талпыныстарын сәтсіздікке ұшыратып, 13 тәкфиршіл лаңкестің көзін жойды.