Арабстан Йеменде қару-жарақтық қолдауымен БАӘ-мен бәсекеге түсті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i34337
Йеменнің оңтүстігіндегі Адан қаласында Арабстанға қарасты күштердің БАӘ-не қарасты күштермен қақтығысынан кейін сол елдегі Арабстанның елшісі Риядтың Йеменнің бұрынғы президенті Абд Раббо Мансур Хадиге бірнеше миллиард долларлық көмек бергенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 29, 2018 19:34 Asia/Almaty
  • Арабстан Йеменде қару-жарақтық қолдауымен БАӘ-мен бәсекеге түсті

Йеменнің оңтүстігіндегі Адан қаласында Арабстанға қарасты күштердің БАӘ-не қарасты күштермен қақтығысынан кейін сол елдегі Арабстанның елшісі Риядтың Йеменнің бұрынғы президенті Абд Раббо Мансур Хадиге бірнеше миллиард долларлық көмек бергенін хабарлады.

«Спутник» агентігінің дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша, Йемендегі Арабстанның елшісі Мохаммад ал-Джабер Арабстанның Йеменнің бұрынғы президенті Абд Раббо Мансур Хадидің үкіметін қолдауын жалғастыруымен осы елге қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын жүзеге асыруға талпыныс жасап жатқаны туралы уәж айтты.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі мұның алдында Арабстанға жақтасқан ұстаным білдіріп, Мансур Хадиді Йемендегі заңды жалғыз президент деп атап, осы ұйымның әлемдегі қаржы және саяси күштердің қолындағы құралға айналғанын тағы көрсеткен болатын.

Осындай жағдайда БАӘ де Адан қаласының бақылауын толығымен қолына алу үшін қаладағы «Қауіпсіздік белдігі» деп аталатын өзінің қолдауына ие күштерге соғыс құрал-жабдықтарын жөнелтті.