Рияд Иранға қарсы үгіт-насихат науқанын жалғастыруда
https://itolqyn.com/news/west_asia-i34365
Риядтың Сауд әулетінің Йемен халқының қарсыласуынан көріп отырған соққыларын сылтауратып Иранға қарсы жасап жатқан теріс жарнамалары күн сайын жаңа тұрғыларға ие болуда.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 30, 2018 18:22 Asia/Almaty
  •  Рияд Иранға қарсы үгіт-насихат науқанын жалғастыруда

Риядтың Сауд әулетінің Йемен халқының қарсыласуынан көріп отырған соққыларын сылтауратып Иранға қарсы жасап жатқан теріс жарнамалары күн сайын жаңа тұрғыларға ие болуда.

Рияд Ансаролла қозғалысының қаруларын Иранның қорғаныс мүмкіндігімен байланыстырып, өзінің халықтық топтан жеңілуін ақтап, қоғамдық пікірге бір халықтық топтан емес, Теһранмен соғысып отырғанын көрсете алатындығына үмітті. Бұл Тель-Авивтің Ливан Хизболласына қарсы 33 күндік немесе Газа секторындағы ХАМАС-қа қарсы 22 күндік соғыстағы жобасының өзі. Тель-Авив өзінің сәтсіздіктерін ақтау үшін халықтық қарсыласу топтарын Иранмен байланыстырып, Иранды араласты деп айыптап, сәтсіздіктерінен шықпақ болды. Енді Сауд режимі сионистік кеңесшілерінің насихатымен Құдсты басып алған режимнің жолын жалғастыруда.

Әрқашан АҚШ дипломаттарының ақыл-кеңестерімен бірге жүретін Риядтың Теһранға қарсы айыптаулары аймақ пен әлемде Ираннан қорқыту саясатын жүргізіп, теріс жарнама арқылы Иранның шынайы жүзін бұрыс көрсетіп, Йеменнің жәбір көрген халқына қарсы заңсыз соғысын ақтағысы келеді.

Сауд Арабиясы сионистер сияқты бұл стратегияны іске асыру саласында ойындағы мақсатына жете алған жоқ. Қоғамдық пікір Теһранның қасиетті кесенелердің қорғаушыларының  жанкештілігімен ДАИШ лаңкестерін қалай жеңгеніне куә болды. Сондықтан, Сауд Арабиясына қарсы шабуылдардың артында Иран тұр деген үлкен өтірікке сенуге болмайды. Аймақтың мұсылман халықтары Иранның Ислам революциясынан үлгі алып, оның жолын жалғастыруда. Алайда бұл мәселе Иран Ансароллаға тікелей қару-жарақ жіберуде дегенді білдірмейді.

Айта кететін жайт, Сауд Арабиясы  тәуелсіз үкімет ретінде тіпті өзіне қажет қаруды шығара алмағандықтан, Вашингтон мен Лондоннан қару-жарақ тұрғыдан көмек алады. Сондықтан, Сауд Арабиясы бір халықтық топтың басқа елдерден қару-жарақ алмай, батыл түрде шапқыншыларға қарсы соғысты жалғастырып жатқанын түсінбейді. Сол себепті бұл үкімет Иран сияқты тәуелсіз мемлекеттерді айыптап, мәселені өзгертіп, бөгделердің көмектеріне тәуелді болуды әшкерелеудің орнына қарсыласу топтарын Иранмен байланысты және Ираннан зымыран алады деп айыптайды.

Сауд Арабиясына қару сатушы үкіметтер аймақтағы тұрақсыздыққа себеп болатын қылмыстарға ортақ саналады. Басқа жақтан олар Сауд Арабиясын қолдап, Батыс Азиядағы шындықтарды өзгертіп, Ансаролланың алдындағы сәтсіздігін ақтағысы келеді.

Бірнеше жылға созылған соғыстың салдарынан ислам әлемінде Сауд әулетіне деген жиіркеніш, керісінше қарсыласу шебіне сүйіспеншілік артты. Йемендік қарсыласу жауынгерлері басқа исламдық елдер үшін үлгіге айналды.