Мосулді азат етуде халықтық ерікті күштер негізгі рөл атқаруда
(last modified Wed, 30 Mar 2016 14:50:04 GMT )
Нау 30, 2016 20:50 Asia/Almaty
  • Мосулді азат етуде халықтық ерікті күштер негізгі рөл атқаруда

Ирактың «Бадр» ұйымының бас хатшысы халықтық ерікті күштердің Нейнава облысының орталығы Мосул қаласын ИСИМ лаңкестік тобының басқыншылығынан азат етуде негізгі рөл атқарып жатқанын мәлімдеді.

Ирактың «Бадр» ұйымының бас хатшысы Хади әл- Амери Мосул шайқасындағы халықтық күштердің стратегиясын баяндауда америкалықтардың Ирактың халықтық ерікті күштеріне қатысты көзқарасын өзгертуі қажеттігін қуаттап:

«АҚШ және еуропалықтар халықтық күштерге ресми күш ретінде қарауы керек. Халықтық күштер Ирак армиясының кейбір қолбасшылары мен ИСИМ-ге қарсы америкалық коалицияның қарсылығына қарамастан Мосулді қайтарып алу шайқасында рөл атқаратын болады.

АҚШ және еуропалықтар Ирактың халықтық күштеріне сенім артпайды. Олар ИСИМ лаңкестерін соғыскер деп, ал Ирак үкіметінің келісімімен соғысатын халықтық күштерді жасақшы деп атайды» деді.

Халықтық ерікті күштер Ирак армиясының ынтымақтастығымен ИСИМ лаңкестік тобының алдында үлкен жеңістерге қол жеткізді. Күн сайын осы лаңкестік топтың Ирактағы әрекеттері мен құзыры азайып келеді.