Зариф Тадмордың азат етілуіне байланысты Сирия Сыртқы істер министрін құттықтады
Нау 30, 2016 21:54 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Сирия үкіметі мен халқын Тадмор (Пальмира) тарихи қаласының азат етілуімен құттықтады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Тадмор қаласының азат етілуіне байланысты Сирия Сыртқы істер министрі Валид Моаллемге үндеу жолдап, осы елдің одан әрі бірлік пен жер тұтастығын сақтау бағытында, лаңкестікпен күрес және саяси үдерістің ілгерілеуі жолында лаңкестіктің аймақта өсуіне шынайы кедергі болатындығына сенім білдірді. Сирия армиясы мен қарсыласу күштері жексенбі күні бірнеше күндік қақтығыстардан кейін Тадмор тарихи қаласын ИСИМ лаңкестік тобының басқыншылығынан толығымен азат етті.
Тегтер