Йемен премьер-министрі: Сауд Арабиясы мен БАӘ Йеменді бөліп алуды көздеп отыр
(last modified Fri, 16 Feb 2018 15:23:12 GMT )
Ақп 16, 2018 21:23 Asia/Almaty
  • Йемен премьер-министрі: Сауд Арабиясы мен БАӘ Йеменді бөліп алуды көздеп отыр

Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің премьер-министрі бейсенбі күні Ливанның Al Mayadeen арнасына берген сұхбатында Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Йеменді екіге бөліп, өз жеріне қосып алуды көздеп отырғаны туралы мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абдулазиз ибн Хабтур: "Сауд Арабиясы Йеменнің солтүстігіне, ал БАӘ Йеменнің оңтүстігіне көз тігіп отыр",- деді.

Йеменнің ұлттық құтқару үкіметінің премьер-министрі БҰҰ бас хатшысының Йемен істері жөніндегі арнайы өкілі Исмаил Валид Шейхтің атқарған міндеті жайлы: "Ол өзі шешім қабылдап, немесе шешім жолын іздеген жоқ, тек Йеменге басқыншылық жасап отырған мемлекеттердің айтқанын мәлімдеп отырды",- деді.

Абдулазиз ибн Хабтур сондай-ақ Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Иранның Йеменге зымыран жіберуі туралы айтқан уәждерін теріске шығарып: "Йемендіктер ешқашан Ираннан зымыран алған емес",- деді.