15 миллион йемендік ауыз су тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр
https://itolqyn.com/news/west_asia-i35233
Қызыл крест халықаралық комитеті 15 миллион йемендік азаматтың ауыз суға қолжетімділігі жоқ екенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 03, 2018 14:52 Asia/Almaty
  • 15 миллион йемендік ауыз су тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр

Қызыл крест халықаралық комитеті 15 миллион йемендік азаматтың ауыз суға қолжетімділігі жоқ екенін хабарлады.

Түркияның Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қызыл крест халықаралық комитеті жұма күні: "Өткен жылы жағар май тапшылығына байланысты сорғы құралдарының жұмысы тоқтаған Йеменнің тоғыз қалас әлі сумен қамтамасыз етілген жоқ.

Жағар май тапшылығына байланысты су сорғылары жұмысының тоқтатылуы 90 пайыз йемендік азаматты ауыз суға қол жеткізу үшін су таситын танкерлерді күтуге мәжбүрледі",- деп хабарлады.

Қазіргі таңда Сауд Арабиясының Йеменге шабуыл жасауы мен оны қоршауға алуының жалғасуы салдарынан Йемен тырысқақ пен дифтерия секілді жұқпалы аурулардың таралуымен бетпе-бет келіп отыр.