Йеменнің «Ансаролла» қозғалысы ұлттық бірлік үкіметін құруға шақырды
Йеменнің «Ансаролла» халықтық және революциялық қозғалысы осы елде ұлттық бірлік үкіметін құру үшін барлық йемендік топтарды рөл атқаруға шақырды.
Йемен «Ансаролла» қозғалысының саяси кеңесінің мүшесі Мұхаммад әл-Бахити барлық йемендік топтарды ұлттық бірлік үкіметін құру үшін талпыныс жасауға шақырды.
Осыдан бұрын Йемен «Ансаролла» қозғалысының ақпарат хатшысы Мұхаммад Абдоссалам: «Йемен дағдарысын шешудің жолы әр тараптың билікке қарай оралуы ғана емес, сонымен қатар келісім және шынайы атсалысу шеңберінде сұхбаттасуды жандандыру Сауд Арабиясының шапқыншылығын тоқтатты» деді.
Абдоссалам өтпелі кезеңді ашық басқару үшін ұлттық бірлік үкіметін құрудың қажеттілігін тағы да қуаттап, бейбітшілік келіссөздерінде шынайы шешім қабылдаушылар арабстандық жалдамалылар емес, йемендіктердің өздері деп мәлімдеді.
БҰҰ- ның Йемен ісі жөніндегі өкілі Исмаил Вадал шейх Ахмад ағымдағы 10- шы сәуірді атыс тоқтату орнату, ал 18-ші сәуірді Йемен бейбітшілік келіссөздерінің Кувейтте басталатын кезі деп мәлімдеген болатын.