Оман СІМ Юсуф бин Әлави аймақтық мәселелер туралы кеңесу үшін Теһранға келді
(last modified Sat, 17 Mar 2018 11:06:24 GMT )
Нау 17, 2018 17:06 Asia/Almaty
  • Оман СІМ Юсуф бин Әлави аймақтық мәселелер туралы кеңесу үшін Теһранға келді

Оман Сыртқы істер министрі Юсуф бин Әлави ИИР-ның басшыларымен кездесіп, екіжақты қатынастар мен аймақтық мәселелер жайлы сұхбаттасу үшін Теһранға сапармен келді.

Бұл кездесу Иран СІМ Зарифтің жуырдағы қарқынды жұмыс күндерін аймақ елдеріне сапар шегумен өткізген жағдайда өткелі отыр. Бакуде өткен Иран, Түркия, Грузия мен Әзірбайжан Республикасы СІМ-лерінің төртжақты отырысы, содан кейін Иран, Ресей мен Қазақстан СІМ-лерінің Астанада Сириядағы саяси және майдандық өзгерістерді қарастыру мақсатындағы бірлескен отырысы Зарифтің осы кеңесулер шеңберіндегі бағдарламаларының қатарын құрады. Сонымен қатар Венада АҚШ-тың "Ортақ қадамды"жүзеге асырудағы зиянкестік әрекеттерін қарастыруға арналған "Ортақ қадам" комитетінің кезекті отырысы өтті. Оман аймақтық мәселелер саласындағы Иранның кеңесуші тараптарының бірі саналады. Бұл мәселе әсіресе ядролық келіссөздердегі талпыныстардың нәтижелі болуында рөл атқарған Оман үшін де өте маңызды.

"Ортақ қадамның" ортақ комиссиясының он бірінші отырысы жұма күні Иран, "алтылық топ" және Еуропа одағы делегацияларының қатысуымен Иран СІМ-нің саяси істер жөніндегі орынбасары Сейіт Аббас Арақчи және Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысының орынбасары Хельга Шмидтің басшылығымен өтті.

Бұл үдерістерге байланысты Оман СІМ Юсуф бин Әлавидің Теһран сапарының мақсаттары екі маңызды мәселемен тікелей байланысты болып отыр: біріншіден, Оман Иранның оңтүстігіндегі көршісі ретінде Иранмен жоғары деңгейде аймақтық әрекеттестіктерді жүзеге асыруға мүдделі; екіншіден, Теһран мен Маскат аймақта дағдарыс тудырушы саясаттарға қарсы.

Бейсенбі күнгі Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің CNN арнасына берген сұхбатында айтқан сөздері осы әрекеттердің айқын мысалына жатады. Ол өзінің кінәларын Иранға таңу әрекетінің жалғасында әрдайым аймақ мәселелерін шешу мен көршілермен жақсы қатынас орнатуға мүдделі Иранды қауіпті ел деп атады.

АҚШ, Сауд Арабиясы мен Израиль "үшбұрышы" тарапынан жоспарланып, басқарылып жатқан бұл саясаттардың назары негізгі үш мәселеге шоғырланған: баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуге қарсылық; Иранның аймақтық рөлін қауіп ретінде таныстыру; Иранға лаңкестік топтарға қолдау көрсетеді деген айып тағу.

Алайда осы арада Трамп Иранды өзінің аймақтық авантюристік әрекеттер бағытына салғысы келе ме деген сауал туындайды

Америкалық сарапшы Джим Уолштың пайымдауынша, Трамп бұл уәждерімен Иранды аймақта дағдарыс тудырды деп айыптау мақсатында оны өткір реакция көрсетуге итермелеу үшін талпыныс жасап, соны сылтауратып, "Ортақ қадам" келісімнен шыққысы келеді.

"Ортақ қадам" бағдарламасында егер Иран өзінің экономиклаық мүдделеріне қол жеткізе алмаған жағдайда қолданатын тиісті шаралары алдын-ала қарастырылған.

Иран СІМ-нің саяси және халықаралық зерттеулер орталығының басшысы Сейіт Мұхаммад Казем Саджадпур Түркияның TOBB университетінде өткен "Ортақ қадам" бағдарламасын зерттеуге арналған отырыста: ""Ортақ қадам» – Иран мен АҚШ арасындағы келісім емес, бұл әлемдік теңгерімдерге ықпал ететін мемлекеттер арасындағы халықаралық келісім",- деп баса айтты.