Ирактың Хит қаласының жүздеген тұрғыны ИСИМ- нің қолынан азат етілді
Сәу 03, 2016 20:38 Asia/Almaty
Ирактық күштер Ирактың батысында орналасқан әл- Анбар облысына қарасты Хит қаласын азат ету амалдары барысында ИСИМ лаңкестік тобының тұтқыны болған әскери емес 1500 азаматты бостандыққа шығарды.
Бұндайда әл- Анбар облысында қақтығыстардың күшеюімен Ирак парламенті осы облысты соғыстан зардап шеккен аймақ деп жариялады. Ирактағы «Сәдр» ағымының төрағасы Мұқтада Сәдр «әс- Салам» батальондарынан әл- Анбар облысының тұрғындарына көмек жеткізуді талап етті. Әл- Анбар облысына қарасты кейбір қалалардың ахуалы ИСИМ- нің қылмыстарына байланысты мүшкіл деп хабарланды.
Тегтер