Сирияға атылған 9 зымыранның барлығы жарылды
Сирия армиясы Хомстағы Шайрат әуежайы мен Дамасктің Думайр әуежайына қарай атылған зымырандардың санын тоғыз деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сирия армиясы сейсенбі күні таңертең барлық зымырандардың елдің көгінде жарылғанын хабарлады.
Сирия армиясының әуе қорғаныс күштері Дамаск аймағындағы Думайр әскери әуежайына атылған үш зымыран мен Хомстың аспанында алты зымыранның анықталып, жарылғанын жариялады. Сонымен бірге Пентагон Шайрат әуе базасына жасалған зымырандық шабуыл туралы қойылған сұраққа: "Қазіргі уақытта АҚШ аймақта ешқандай әскери әрекет жасаған жоқ",- деді.
Кейбір ақпарат құралдары майдандық дереккөздеріне сүйеніп, сионистік режимнің әскери ұшақтарының Шайрат әуе базасына қарай тағы да зымыран ату ықтималы туралы хабарлауда.