Революцияның мәртебелі жетекшісі Ливан Хезболласының 33 күндік соғыста жеңіске жететінін сүйіншілеген болатын
Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла сенбі күні осы елдің «Al-Manar» телеарнасына берген сұхбатында ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің сионистік режиммен 33 күндік соғыстың алғашқы аптасындағы шабыт сыйлаған үндеуіне сілтеме жасап, хазіреттің өз жолдауында қарсыласудың осы соғыста жеңіске жететінін және аймақтық күшке айналатынын сүйіншілеген болатын деп мәлімдеді.
Бұдан бұрын сионистік режимнің қауіпсіздік туралы зерттеулер кеңсесі «Қоқан-лоққылардың астары» деген атаумен жариялаған мәліметінде 2006 жылғы Израильге қарсы 33 күндік шайқаста Ливан Хезболласының жеңіске жеткенін мойындап: «Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролланың Израильге қарсы қазіргі қоқан-лоққылары қарсыласу қозғалысының осы шайқастағы жеңістерін, сондай-ақ, содан кейінгі араб әлеміндегі беделі мен атақ- даңқын еске түсіретіндей етіп жобаланған» деп мәлімдеді.