Йеменде Сауд Арабиясының ондаған жалдамалы күшінің көзі жойылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i3637
Йемен армиясының Эль-Джауф облысында Сауд Арабиясының жалдамалы күштеріне жасаған шабуылы барысында ондаған жалдамалы күштің көзі жойылды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 03, 2016 22:08 Asia/Almaty
  • Йеменде Сауд Арабиясының ондаған жалдамалы күшінің көзі жойылды

Йемен армиясының Эль-Джауф облысында Сауд Арабиясының жалдамалы күштеріне жасаған шабуылы барысында ондаған жалдамалы күштің көзі жойылды.

Йеменнің «almasirah» телеарнасының хабарлауы бойынша, Йемен армиясы мен халықтық күштері бірнеше зымыранмен Йеменнің солтүстігінде Эль-Джауф облысындағы «Ғарық Нав» базасындағы Саудияның жалдамалы күштері жиналатын жерге шабуыл жасады. Соның нәтижесінде Сауд Арабиясының 25- тен астам жалдамалы күшінің көзі жойылып, ондаған адам да жараланды.

«Ғарық Нав» әскери базасы Саудия жалдамалы күштерінің ең маңызды базаларының біріне жатады.

Сондай- ақ йемендік күштер Йеменнің оңтүстігінде Эль-Бейда облысындағы Саудияның жалдамалы күштеріне шабуыл жасап, бірнешеуінің көзін жойды.

Йемен армиясы мен халықтық күштері Йеменнің оңтүстігінде Шабва облысының төңірегінде әл- Каида лаңкестерімен шайқасып, оларға көп адам шығынын келтірді.