Түркия Сирияға әскери түрде араласуды мақсат етуде
https://itolqyn.com/news/west_asia-i373-Түркия_Сирияға_әскери_түрде_араласуды_мақсат_етуде
Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы: «Түркия әскерилерінің Сирия шекараларына жақын шоғырлануы Түркия үкіметінің Сирия жеріне кіруді көздеп отырғанының белгісі»,- деп қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 06, 2016 08:15 Asia/Almaty
  • Түркия Сирияға әскери түрде араласуды мақсат етуде

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы: «Түркия әскерилерінің Сирия шекараларына жақын шоғырлануы Түркия үкіметінің Сирия жеріне кіруді көздеп отырғанының белгісі»,- деп қуаттады.

«Әл-Әлам» арнасының мәліметі бойынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Канашенков бейсенбі күні: «Біздің қолымызда Түркияның тәуелсіз Сирия үкіметіне әскери түрде араласқысы келетінін білдіретін мәлімет бар. Ресей Түркия әскерилерінің күнделікті өткізіп жатқан жасырын жаттығуларын бақылап отыр. Біз әлемдік қауымдастыққа Түркия артиллериясының Латакияның солтүстігіндегі тұрғын үйлерге шабуыл жасағаны туралы нақты дәлелдер ұсындық»,- деді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Пентагон, НАТО және адам құқығы туралы жар салатын басқа ұйымдардың Түркияның алдында үнсіздік танытуына қатысты таңданысын жасырмады. Ресей аталмыш ұйымдардан шара қолдануды сұрады.