Сионистік режим Дамаск әуежайына зымыранмен шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38042-Сионистік_режим_Дамаск_әуежайына_зымыранмен_шабуыл_жасады
Сирия теледидары сейсенбі күні таңертең сионистік режимнің Дамаск әуежайына зымыранмен шабуыл жасағанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 26, 2018 16:35 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Дамаск әуежайына зымыранмен  шабуыл жасады

Сирия теледидары сейсенбі күні таңертең сионистік режимнің Дамаск әуежайына зымыранмен шабуыл жасағанын хабарлады.

Сирия теледидарының мәліметі бойынша, сионистік режимнің әскери ұшақтары дүйсенбі күні түнде Дамаск әуежайына бірнеше зымыранмен тағы шабуыл жасаған. Кейбір ақпарат құралдары Дамаск әуежайына жасалған зымырандық шабуылды растап, сириялық қорғаныс жүйелерінің зымырандарды әуежайға жетпей жарып жібергенін хабарлады.

Сирия армиясы сионистік режимнің шабуылдарына жауап ретінде Голан жоталарының басып алынған бөліміне зымыранмен шабуыл жасады.