Абдолмалек әл-Хуси Ливан Хезболласының бас хатшысына ұстанымдары үшін алғыс айтты
Йеменнің "Ансаролла" қозғалысының бас хатшысы сенбі күні кешке мәлімдеме жариялап, Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейіт Хасан Насроллаға Йемен халқына қолдау көрсетіп, саудиялық коалицияның басқыншылығына тойтарыс берудегі ұстанымдары үшін алғыс білдірді.
Mehr News ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Абдолмалек Бадр ад-Дин әл-Хуси мәлімдемесінде Йемен халқының Ливан Хезболласы мен бас хатшысының позициясын ұмытпайтынын баса айтып: "Сейіт Хасан Насролла сөз бен істің адамы, адами және ислам құндылықтарының тірі үлгісі саналады",- деді.
Ливан Хезболласының бас хатшысы жуырда айтқан сөзінде Йемен халқының жеңіліс тапқан саудиялық коалицияға қарсы қарсыласуына сілтеме жасап: "Рияд пен Абу-Дабидің мойынсұнбайтын халықа қарсы тұрғанын біргені жөн",- деп баса айтты.
Насролла Йеменге басқыншылық жасап жатқан елдердің мақсатын қастандықтарды жүзеге асырып, америкалықтар мен сионистердің Қызыл теңіз бен оның айлақтары мен жағалауларындағы мақсаттарын іске асыру деп атады.