Сирияның Канитара қаласы азат етілді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38424-Сирияның_Канитара_қаласы_азат_етілді
Сирия армиясы мен қарулы күштері бейсенбі күні Канитара қаласын лаңкестік топтардың қолынан азат етті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 27, 2018 21:33 Asia/Almaty
  • Сирияның Канитара қаласы азат етілді

Сирия армиясы мен қарулы күштері бейсенбі күні Канитара қаласын лаңкестік топтардың қолынан азат етті.

Сирия армиясы, сондай-ақ, осы елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысындағы Дераа және Канитара облыстарындағы 6 қалашық пен ауылды өз бақылауына алды.  Сирия армиясы осы елдің туын Сирия мен басып алынған Палестина жері арасындағы шекаралық өткелге тікті.

Канитара – Сирияның ең шағын облыстарының бірі. Алайда Сирияның оңтүстігіндегі бұл облыс Голан жоталарының бір бөлігі болып, басып алынған Палестина жерімен шектесіп жатқандықтан елдің ең маңызды облыстарының бірі саналады.