Саадада мыңдаған йемендік шеруге шықты
Сәрсенбі күні Саада қаласында мыңдаған йемендік "Абыройымызды қанымызбен сақтаймыз" деген ұранмен шеру өткізді.
Fars ақпарат агенттігінің al-Masirah-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Йемен халқы осы шеруде жасаған мәлімдемелерінде саудиялық басқыншы коалицияның үш жылдан астам уақыт бойы Йемен халқына қарсы айуандық қылмыстары, әл-Ходейда облысында йемендік әйелдердің ұрлануы және олардың зорлық-зомбылыққа ұшырауының тек АҚШ үкіметінің келісімімен жасалып жатқанын айтып, БҰҰ-ның осындай қылмыстарға қатысты үнсіздік танытып отырғанын айыптады.
БАӘ әскерилері өткен жексенбі күні Йеменнің әл-Ходейда облысындағы әт-Тахайта ауданында йемендік азаматтардың үйіне шабуыл жасап, 8 әйелді ұрлап кетті.