Тель-Авивте мыңдаған адам сионистік режимнің нәсілшіл заңын айыптап шеру өткізді
(last modified Sun, 05 Aug 2018 08:40:20 GMT )
Там 05, 2018 14:40 Asia/Almaty
  • Тель-Авивте мыңдаған адам сионистік режимнің нәсілшіл заңын айыптап  шеру өткізді

Сенбі күні 80 мыңға жуық адам басып алынған Палестина жерінде тұратын друздардың шақыруымен Тель-Авив қаласының Рабин алаңында жиналып, «Еврей елі» атты нәсілшіл заңға қарсы шеру өткізді.

IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күні хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комиссары да араб комитеті тарапынан «Еврей елі» атты заңды тексеру жайлы шағымды қарастырылатынын хабарлады.

Бұл комитеттің сионистік режим Кнессетінің жуырдағы заңына қарсы шағымында қаулының нәсілшіл сипаттағы тармақтарына сілтеме жасалған.

Сионистік режимнің Кнессеті жуырда бір даулы заңды бекітті. Соған сәйкес, жалған Израиль үкіметі ресми түрде бір еврей елі (Еврей халық республикасы) ретінде танылады. Бұл заңда сионистік режим тура «Еврей мемлекеті» деп түсіндірілген. Еврей еместерге онда орын жоқ.