Батыс елдері өз күштерін Йеменнен шығаруы керек
(last modified Sun, 19 Aug 2018 08:05:56 GMT )
Там 19, 2018 14:05 Asia/Almaty
  • Батыс елдері өз күштерін Йеменнен шығаруы керек

Йеменнің Ансаролла қозғалысы Батыс елдерінен Сауд Арабиясы бастаған араб басқыншы коалициясы қалыбында Йеменге жіберген күштерін бұл елден шығаруды талап етті.

IRNA ақпарат агенттігінің "Рай əл-Яум" трансаймақтық газетіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Йеменнің Жоғары революциялық комитетінің басшысы Мұхаммад Əли əл-Хуси жұма күнгі бір мəлімдемеде: "Батыс елдерін үшін Йеменде қалып, халықты қырып, қылмысқа қатысуына ешқандай сылтау жоқ.  

Басқыншы елдер мен олардың одақтастары атысты тоқтату бітімін қабылдамайды, өйткені, олар лаңкестікті қалыптастырып, соғысты өздерінің пайдасына қолданатын саудагерлер. Соның салдарынан елдің тас-талқаны шығып, күн сайын жаппай қырып-жоюшылық орын алып жатыр.

Батыс елдері 2015 жылдан бері 1500 сарбаз және 6 америкалық қырғи ұшақпен Йеменге қарсы соғыста Сауд Арабиясы басқаратын басқыншы коалицияға қосылды. Сауд Арабиясы мен одақтастары Йеменде осы уақытқа дейін 14 мыңнан астам йемендіктің қаза болып, ондаған мың адамның жараланып,миллиондаған адамның босқынға айналуына себеп болды.