Сионистік режим Сирия астанасына зымыранмен шабуыл жасады
Сириялық ақпарат көздері сенбі күні кешке сионистік режимнің Сирия астанасы Дамаск қаласының халықаралық әуежайына зымыранмен шабуыл жасағанын хабарлады.
Сирияның SANA ресми ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия армиясы сионистік режимнің Дамаск әуежайына жасаған зымырандық шабуылына төтеп берген.
SANA-ның хабарлауы бойынша, Сирияның әуе қорғаныс кешені сионистік режимнің бірнеше зымыранын анықтап, оларды жойып жіберген.
Кейбір ақпарат көздерінің мәліметінше, сионистік режим Дамаск әуежайына 6 зымыран атқан.
Израиль бұдан бұрын лаңкестерге қолдау көрсету мақсатында Сирия армиясының позициялары мен инфрақұрылымдарын бірнеше рет нысанаға алған болатын.
Израиль лаңкестердің Сирияда жеңіліс тапқанына қатты алаңдап отыр.