Ирандық 40 құрылыс компаниясы Оманда құрылыс жобаларына қатысады
Қар 11, 2018 22:52 Asia/Almaty
Ирандық 40 құрылыс компаниясының Оманның ең үлкен Сандан қалашығының құрылысына қатысатыны туралы келісімге қол қойылды.
Иранның Омандағы елшісі Мұхаммад Реза Нури Шахрудидің қатысуымен қол қойылған бұл келісім ирандық құрылыс компанияларына өз тауарларын ұсынып, оларды сатуға, нәтижесінде бұл елде сауданы дамытуға жағдай тудырады. Сандан қалашығы Оманның астанасы Масқаттың маңында орналасқан. Бұл 2019-шы жылдың басында Оманның ең үлкен қалашығы ретінде ашылады. Омандық жауапты тұлғалар қалашықтың ең үлкен көшелерінің бірін "Иран" деп атауға шешім қабылдады.
Тегтер