Дамаскте Иран фильмдерінің апталығы өтеді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i40130-Дамаскте_Иран_фильмдерінің_апталығы_өтеді
«Қарсыласу фильмі» 15-ші халықаралық фестивальінің хатшысы жақын арада Сирияда ирандық фильмдердің апталығы өтетінін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 28, 2018 22:28 Asia/Almaty
  • Дамаскте Иран фильмдерінің апталығы өтеді

«Қарсыласу фильмі» 15-ші халықаралық фестивальінің хатшысы жақын арада Сирияда ирандық фильмдердің апталығы өтетінін хабарлады.

Мұхаммад Хазаи Сирия Кино ұйымының басшысы Мурад Шаһинмен кездескеннен кейін тілшілерге берген сұхбатта: «Иран фильмдері» апталығы аясында бірқатар өнерпаз Дамаскке сапар шегеді. «Қарсыласу фильмі» халықаралық фестивалінің бұл кезеңінде сириялық бірнеше режиссермен кездестік. Олар Сирияда «Иран фильмдері» апталығын өткізуге ынталы болды. Кездесудегі ең маңызды тақырыптардың бірі «Иран фильмдері» апталығын қарсыласу тақырыбында өткізу болды. «Иран фильмдері» апталығы келесі аптада Ливанда да өтеді»,- деді.