Сауд Арабиясы Йемендегі атысты тоқтату келісімін бұзды
Сәу 11, 2016 14:31 Asia/Almaty
Саудиялық әскери ұшақтар Йеменде жарияланған атыс тоқтату келісімін бұзды.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сауд Арабиясы басқарған араб коалициясының ұшақтары дүйсенбі таңертең Йеменнің үстінен ұшып, сол елдің оңтүстік-батысындағы Таиз обылысын нысанаға алған. Сауд жалдамалылары аталмыш облыстың батыс аймағында Йемен әскері мен халықтық күштеріне оқ жаудырған.
Йемендегі атыс тоқтату туралы таяудағы келісім жексенбінің түн ортасынан бастап бейбіт келіссөздер өткізуге жағдай тудыру мақсатында жарияланған болатын. Аталмыш келіссөздер сәуір айының 18 күні Кувейтте өтпек. Осы уақытқа дейін Йеменнің қайшылықтарын шешу жолында жасалған бірнеше талпыныс сәтсіздікке ұшырады.
Тегтер