Ислам Ынтымақтастық Ұйымы ықпалдастық пен бөлінушілік қарсаңында тұр
https://itolqyn.com/news/west_asia-i4813-Ислам_Ынтымақтастық_Ұйымы_ықпалдастық_пен_бөлінушілік_қарсаңында_тұр
Ислам Ынтымақтастық Ұйымындағы Иранның бұрынғы өкілі осы ұйым ислам әлеміндегі бірлікті күшейтудің немесе бөлінушіліктің үлкен сынағы қарсаңында тұр деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 14, 2016 20:44 Asia/Almaty
  • Ислам Ынтымақтастық Ұйымы ықпалдастық пен бөлінушілік қарсаңында тұр

Ислам Ынтымақтастық Ұйымындағы Иранның бұрынғы өкілі осы ұйым ислам әлеміндегі бірлікті күшейтудің немесе бөлінушіліктің үлкен сынағы қарсаңында тұр деді.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымындағы Иранның бұрынғы өкілі Сабах Зангане бейсенбі күні Теһранда шығатын «Джаме Джам» газетінде жарық көрген мақалада: «Ыстамбұлда өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастық Ұйымы басшыларының 13- ші отырысы осы ұйым Сауд Арабиясының әрекеттері және ықпалын жүргізуімен ислам елдерінің арасында бірлікті күшейту немесе ислам әлемінде Ислам Ынтымақтастық Ұйымының рөлін әсерсіз ету сияқты үлкен сынақ қарсаңында тұрған жағдайда өтіп жатыр.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Ыстамбұлдағы отырысы исламдық ықпалдастық бағытында маңызды қадам жасай алады, бірақ Сауд Арабиясының біржақты саясат жүргізуімен осы ұйымның жойылу үдерісіне бет бұрғанын мойындау керек.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымының мұсылмандар мен палестиналықтардың құқығын қолдау мен қорғау мақсаттары кейбір елдердің араласуы және ықпал жүргізуі салдарынан қолға алынбай, қазір Палестина мәселесі ұмытылып отыр» деді.