Һади әл- Амери: Ирак армиясы халықты жұмылдыруды қажет етеді
(last modified Wed, 27 Jan 2016 15:53:01 GMT )
Қаң 27, 2016 21:53 Asia/Almaty
  • Һади әл- Амери: Ирак армиясы халықты жұмылдыруды қажет етеді

Ирак халықтық ерікті күштерінің қолбасшылығы халықтық ерікті күштер тек ИСИМ- ның қарамағындағы қалалар мен аймақтарды қоршап алумен айналысады деп мәлімдеді.

«Бәдір» ұйымының бас хатшысы әрі Ирак халықтық ерікті күштер жетекшілерінің бірі Һади әл- Амери: Халықтық ерікті күштер Ирак үкімет басшысы Хайдар әл- Абадидің қарамағында, сондықтан оларды әскери жасақшы деп атамау керек деді.

Әл- Амери сонымен бірге халықтық ерікті күштердің армиямен ынтымақтастық жасауын зәру деп біліп: Ирак армиясы қазір ИСИМмен күресуге шамасы жоқ және халықтық ерікті күштердің көмегіне мұқтаж деді.

Әл- Амери, осы халықтық ерікті күштер Рамади қаласын азат ету амалдарына қатысты және осы қаладағы тайпалардың 80 пайызы үкімет басшысынан қаланы азат ету үшін халықтық ерікті күштерден көмек сұрауды талап еткен болатын деді. Әл- Амери Иракта ирандық әскерилердің болуын жоққа шығарып: Иранның Иракта әскери күші жоқ. Тек бірнеше ирандық кеңесші ИСИМмен күресуге көмек көрсетіп жатыр деді.

Әл- Амери ИСИМ- нің жетекшісі туралы: Әбубәкір әл- Бағдади әлі де тірі. Ол Иракта жүр. Сауд Арабиясы және Парсы Шығанағы өңіріндегі өзге бірнеше араб елі ИСИМ тобына қолдау көрсетіп отыр деді.