Фейсал Меқдад Сирия Сыртқы істер министрі болып тағайындалды
Сирияның Сыртқы істер министрі Валид Муалем қайтыс болған соң бұл елдің Президенті Башар Асад бұл міндетке Фейсал Меқдадты тағайындады.
66 жастағы Фейсал Меқдад елдің Сыртқы істер министрлігінде 26 жыл бойы қызмет атқарған валид Муалемнің орнына елдің Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Әл-Меқдад 1995 жылы БҰҰ-дағы Сирия өкілеттігіне қосылып, БҰҰ-ның әртүрлі комиеттерінде жұмыс жасап, Қауіпсізідк кеңесте Сирияның тұрақты өкілінң орынбасары міндетін атқарды. Сирияның жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрі Қауіпсіздік Кеңесінің бірнеше сессияларын сонымен қатар Бас Ассамблея төрағасының орынбасары ретінде Ассамблеяның бірнеше сессияларын басқарды. 2003 жылы БҰҰ-дағы сирияның тұрақты өкілі ретінде сайланды. Фейсал әл-Меқдад 2006 жылдан бері Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары міндетін атқарып келді. Сирияның жаңа сыртқы істер министрі үшін ең маңызды мәселе - халықаралық форумдарда елді шетелдіктердің араласуынан қорғау болатын сынды. Сирия 2011 жылдан бастап өзінің ішкі істеріне АҚШ басқарған шетелдік араласудың бірнеше толқынына тап болды. Тағы бір маңызды мәселе - кейбір араб елдерінің, әсіресе Дамаскінің Араб Лигасына қайта оралуына басты қарсыласы болып табылатын Сауд Арабиясының Сирияға қарсы ұстанымымен бетпе-бет келу. Бұл елдер Сирияның тәуелсіз сыртқы саясатынан бас тартқанын, әсіресе ИИР және қарсыласу қозғалысымен байланысын үзгенін қалайды. Негізінде Иран мен аймақтық қарсыласу соңғы он жылда Сирияның территориялық тұтастығы мен саяси жүйесін сақтауда үлкен рөл атқарды. Кейбір араб елдері мен сионистік режим арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа келуінің жеделдеуін ескере отырып, бұл режиммен Сирияға қарсы ортақ ұстанымын қабылдануы мүмкін, сондықтан елдің жаңа сыртқы дипломатиялық тобы бұл мәселеде қырағы болуы керек. Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал әл-Меқдад пен Сыртқы істер министрлігіндегі оның орынбасары Башар әл-Джафари тәжірибесі жаңа кезеңде ИИР-мен және қарсыласу ағымымен қарым-қатынасты жақсарту күн тәртібінде болатындығын көрсетеді. Бұл мәселені ИИР-ның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Фейсал әл-Мекдадпен телефон арқылы сөйлескен кезде де қуаттады.