Сауд Арабиясы Иранға қарсы уәж айтты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i49219-Сауд_Арабиясы_Иранға_қарсы_уәж_айтты
Осы күндері аймақтағы саяси өгерістер мен Трамптың сайлаудағы жеңілісінің салдарына қатты алаңдап отырған саудиялық басшылар өз кінәсін өзгеге жабатын уәж айтып, олардың тәкфирлік идеологиясы мен ақшасының арқасында жайлаған терроризм мен аймақты тұрақсыздандырып жатқан іс-әрекеттерден ақталуға тырысып жатыр.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 07, 2020 00:27 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы Иранға қарсы уәж айтты

Осы күндері аймақтағы саяси өгерістер мен Трамптың сайлаудағы жеңілісінің салдарына қатты алаңдап отырған саудиялық басшылар өз кінәсін өзгеге жабатын уәж айтып, олардың тәкфирлік идеологиясы мен ақшасының арқасында жайлаған терроризм мен аймақты тұрақсыздандырып жатқан іс-әрекеттерден ақталуға тырысып жатыр.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фарханның сенбі күні France Press ақпарат агентігіне берген сұхбатында айтқан сөздері саяси дағдару мен пассивті әрекет етуді білдіреді. Ол осы сұхбатта және «Жерорта теңізі аймағындағы диалог» атты жұма күнгі жиында сөйлеген сөзінде Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасына алаңдаушылық білдірді.   

Осындай сценарийлер Сауд Арабиясының жеңіліс тапқан дипломатиясының тақырыбына айналып отыр. Ал негізі соңғы бірнеше онжылдықта болған оқиғаларға жасалған шолу Сауд Арабиясының бүлдіргі рөлі туралы басқа оқиғаларды айқындап беріп отыр. Шындық мынада: Сауд Арабиясының гибридтік соғыс ашу үшін коалиция құрып, ішкі іске араласуы Батыс Азияда тұрақсыздық пен тынышсыздық тудыратындықтан аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін шынайы қатер болып табылады. Эр-Рияд өткеннен сабақ алудың орнына өз кінәсін өзгеге жабуда. Алайда бұл жала Сауд Арабиясын Йемен соғысында жасаған қылмыстарға, лаңкестікке қолдау көрсеткеніне, Израильмен қарым-қатынасты қалыптандыру жолындағы әрекеттеріне және Палестинаның армандарына жасаған қиянатына жауапкершіліктен босата алмайды.

Эр-Риядтың қазіргі дипломатиясының пікірлесу мен түсіністіктен алшақтағанына  біраз жыл болды. Бұл қате қатынас Трамптың Ақ үйге келіп, АҚШ-тың Сауд Арабиясына миллиардтаған долларға қару-жарақ сатып, өз мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында дағдарыс тудыру саясатынан одан ары арта түсті. Саудиялық тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман АҚШ-тың рұқсатына сүйеніп, Иранмен текетіресті күшейтіп отыр.

Осы айыптауларда екі жайтты атап өту керек:

Біріншісі – аймақтың тыныштығы мен тұрақтылығын бұзатын Сауд Арабиясының шынайы бейнесін жасыру.

Екіншісі – Иранның ядролық бағдарламасы туралы жалған уәждер аясында өзінің қалыптан тыс ядролық белсенділіктеріне қатысты кінәсін өзгеге жабу.

Сауд Арабиясының осындай тігісі мәлім уәждері айтылып жатқан шақта АҚХА-ның ядролық бағдарлама мен қару-жарақтарға қатысты тексерушілерінің  бұрынғы басшысы Ули Хайнонен: «Сауд Арабиясы ядролық салада ашықтық танытпады. Біз Эр-Риядтан салынуы тиіс ядролық реакторлардың санынан басқа ешқандай айқын бағдарлама көрмедік»,-дейді.