Бағдадтағы АҚШ елшілігіне зымырандық шабуыл жасалды
Жел 21, 2020 17:04 Asia/Almaty
Жексенбі күні Ирактың астанасы Бағдадтағы АҚШ елшілігіне зымырандық шабуыл жасалды.
«Саберин Ньюс» арнасының хабарлауынша, Бағдадтағы АҚШ елшілігіне кемінде 11 зымыран атылды. АҚШ елшілігінде орналасқан «Сум ут-тоухид» әскери базасы осы зымырандық шабуылдың нысанасы болған. Шабуылдың ықтималды шығындары жайлы ақпарат жоқ.
Бағдадтағы АҚШ елшілігі мен Ирактағы америкалық әскери базалар соңғы айларда бірнеше рет зымырандық шабуылға ұшырады.