Сирияның әуе қорғаныс кешені сионистік режимнің зымырандық шабуылына төтеп берді
Жел 25, 2020 17:12 Asia/Almaty
Сирия армиясының әуе қорғаныс кешені жұма күні таңертең сионистік режимнің Сирияның Хама облысындағы Масьяф қаласына жасаған зымырандық шабуылына төтеп берді.
Сирияның SANA ресми ақпарат агентігінің хабарлауынша, осы ел армиясының әуе қорғаныс кешені Масьяф қаласының көгінде бірнеше зымыранды жойды. Бұл зымырандар Ливанның Триполи қаласының солтүстігіндегі израильдік қырғи ұшақтар тарапынан атылды.
Сионистік режим әрдайым лаңкестерге қолдау көрсету үшін Сирия армиясының позициялары мен инфрақұрылымдарын нысанаға алады.