Ердоған сионистік режиммен қарым-қатынастың жақсаратынына үміт білдірді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i49450-Ердоған_сионистік_режиммен_қарым_қатынастың_жақсаратынына_үміт_білдірді
Түркия Президенті Анкараның сионистік режиммен барлау саласындағы байланыстарының жалғасып жатқанын растап, Анкараның Тель-Авивпен қатынасының жақсаратынына үміт білдірді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 25, 2020 18:26 Asia/Almaty
  • Ердоған сионистік режиммен қарым-қатынастың жақсаратынына үміт білдірді

Түркия Президенті Анкараның сионистік режиммен барлау саласындағы байланыстарының жалғасып жатқанын растап, Анкараның Тель-Авивпен қатынасының жақсаратынына үміт білдірді.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған жұма күні 2018 жылы дипломатиялық байланыс үзілгенімен Анкараның Тель-Авивпен қатынасының жалғасып жатқанын айтып: «Түркия барлау саласында Израильмен байланысты жалғастырады»,-деді.

Ерлоған бұл әріптестікті түсіндіруге тырысып: «Қазіргі басты мәселе – Тель-Авив үкіметінің басындағы адамдар. Израильдің Палестинаға қарсы саясаты – біздің қызыл сызығымыз. Алайда қарым-қатынасты жақсартуға ниеттіміз»,-деді.