Палестинаның қарсыласу топтары «Әр-Рокн әш-Шадид» әскери жаттығуын өткізуге дайын
Жел 28, 2020 17:25 Asia/Almaty
Палестина қарсыласу топтарының ортақ қимыл штабы видео таратып, сейсенбі күні Газа секторында «Әр-Рокн әш-Шадид» атты әскери жаттығуды өткізуге дайын екенін жариялады.
Палестина қарсыласу топтарының ортақ қимыл штабы мәлімдеме таратып: «Бұл әскери жаттығу қарсыласу топтарының соғысқа дайындығын ұдайы арттыру үшін жасалып жатқан талпыныстарды көрсету мақсатында әріптестік пен ортақ шараларды нығайту аясында жүзеге асырылады»,-деді.