Нетаньяхуға қарсы наразылықтар жалғасуда
Ақп 08, 2021 19:18 Asia/Almaty
Басып алынған Құдс пен Қейсария ауданында сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың сыбайлас жемқорлығына қарсы наразылықтар толқыны 33-ші аптаға ұласты.
Мыңдаған адам Құдс қаласының Бальфур алаңында Нетаньяхудың ресми кеңсесінің алдына жиналып, оның қызметтен кетуін талап етті. Қейсария ауданында жүздеген адам Нетаньяху үйінің алдына жиналып, Израиль үкіметінің коронавирус дағдарысы жағдайындағы басқару тәсіліне наразылық білдірді.