Раиси: Америкалықтарға сенуге болмайды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i50354-Раиси_Америкалықтарға_сенуге_болмайды
Иран Жоғары сотының төрағасы: «Тарих америкалықтарға сенудің қателік екенін көрсетті»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 11, 2021 20:59 Asia/Almaty
  • Раиси: Америкалықтарға сенуге болмайды

Иран Жоғары сотының төрағасы: «Тарих америкалықтарға сенудің қателік екенін көрсетті»,-деді.

Раиси бейсенбі күні Бағдадта Ирактың Күрдістан демократиялық партиясының жетекшісі Масуд Барзанидың арнайы өкілі Хушияр Зибаримен кездесуінде Күрдістан аймағының қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтаудың ИИР үшін айрықша маңызды екенін айтып: «АҚШ әскерінің аймақта болуы аймақ халықтарының қауіпсіздігі мен тыныштығын бұзады»,-деді.

Раиси: «ИИР барлық күрд топтарының біріккенін қалаймыз. Олардың арасындағы кез келген араздық пен қайшылық зиянды. Мұндай қатынас дұшпандарға аймаққа әскер орналастыруға мұрсат береді»,-деді.

Иран Жоғары сотының төрағасы: «Ирактың Күрдістаны көне тарих пен өркениетке, бай әдебиет пен әдет-ғұрыпқа ие. Батыстың өмір салты мен мәдениетіне осындай айшықты мәдениетті басып тастауға жол бермеу керек»,-деді.