Шейх Иса Қасым: Басып-жаншу мен азаптау Бахрейн халқының үнін өшіре алмайды
Бахрейн исламдық қозғалысының жетекшісі: "Халифе әулеті режимінің іc-әрекеттері мен саудиялық әскерилердің мүлтіксіз қолдауы Бахрейн халқының ерік-жігерін мұқалта алмайды",-деді.
Сенбі Иранның Құм қаласында шейх Иса Қасымның қатысуымен Бахрейн революциясының онжылдығына арналған рәсім "Жеңіске жеткенге дейін тұрақты әрі табанды түрде күресу" ұранымен өтті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шейх Иса Қасым осы рәсімде он жыл бойы Бахрейн халқының түбегейлі өзгерісті талап еткенін айтып: "Барлық топтардың басты ұстанымы –жеңіске жету",-деді.
Шейх Иса Қасым: "Шектен тыс қатыгездік, импортталған әскерилер (саудиялық күштер) мен түрлі азаптаулардың ешқайсысы Бахрейн халқының үнін өшіріп, қарсылықтарын баса алмайды",-деді.