Ислам революциясының жетекшісі шейх Ахмад әз-Зиннің қайтыс болуына орай көңіл айтты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i50840-Ислам_революциясының_жетекшісі_шейх_Ахмад_әз_Зиннің_қайтыс_болуына_орай_көңіл_айтты
Ислам революциясының жетекшісі Ливан Хизбулласының бас хатшысына хат жолдап, осы ел мұсылман үлемдері ассамблеясының құрылтайшылар кеңесі төрағасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 04, 2021 19:46 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі шейх Ахмад әз-Зиннің қайтыс болуына орай көңіл айтты

Ислам революциясының жетекшісі Ливан Хизбулласының бас хатшысына хат жолдап, осы ел мұсылман үлемдері ассамблеясының құрылтайшылар кеңесі төрағасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насроллаға хат жолдап, осы ел мұсылман үлемдері ассамблеясының құрылтайшылар кеңесі төрағасы, күрескер қазы шейх Ахмад әз-Зиннің қайтыс болуына байланысты үлемдер қауымына және оның шәкірттері мен ізбасарларына көңіл айтты.  

Ислам революциясының жетекшісі: «Оның имам Хомейнидің қозғалысын асқан жауапкершілікпен қорғағаны, ұзақ жылдар бойы аймақ халықтарының үстемшілдік пен сионизмге қарсы күресін тұрақты түрде қолдағаны қарсыласу қозғалысы тарихында мәңгі қалады»,-деп еске алды.  

Шейх Ахмед әз-Зин Ливандағы сүннит үлемдердің бірі, Зейда қаласындағы заңды сот өкілі және Ливан мұсылман үлемдері ассамблеясының құрылтайшылар кеңесінің төрағасы болған еді.